Бокс

Алғашқы алтын. Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанды (видео)

Бек ТӨЛЕУОВ

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі 

Бокстан Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 келіде өнер көрсететін қазақстандық Теміртас Жүсіпов финалда қарсыласын жеңіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Отандасымыз финалда Тайландтан келген Вуттичай Юрачаймен кездесті. Төрешілердің шешімімен бұл жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов чемпион атанды.

Сөйтіп, әлем чемпионатындағы Қазақстар қоржынына алғашқы алтын түсті. Финалға жалпы төрт қазақстандық боксшы жолдама алған.

Ал 67 келідегі ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов кеше жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдеге ие болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров