Бокс

Махмұд Сабырхан 20 жасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды (видео)

Бек ТӨЛЕУОВ

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі 

Сербия астанасы– Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 54 келідеге дейін салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бүгін Махмұд финалда жапониялық Томоя Цубоймен кездесті. Қарсыласы қазақ боксшысына тыңғылықты дайындалып шыққан екен. Финалда тактикалық тұрғыда сауатты қимылдап, қаша жүріп ұрыс салды. Сөйтіп, өзіне керекті ұпайларын жинап, чемпион атанды. Отандасымыз күміс жүлдені қанағат тұтты.

Мұның алдында 48 келідегі Теміртас Жүсіпов жеңімпаз болған. Әзірге Қазақстан қоржыынында бір алтын, бір күміс, бір қола медаль бар. Кеше 67 келідегі ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов қола жүлдеге ие болған.

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) алғаш рет әлем біріншілігіне қомақты жүлде тағайындап отыр. Бұл чемпионатта топ жарған боксшы 100 мың доллар, күміс жүлде алған 50 мың доллар, ал қолаға іліккендер 25 мың доллардан алады. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры — 2,6 миллион доллар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров