Бокс

Екінші алтын.Сәкен Бибосынов америкалық боксшыны айқын басымдықпен жеңді (видео)

Бек ТӨЛЕУОВ

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі 

Бокстан Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов 51 келіге дейін салмақта алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Отандасымыз финалда АҚШ боксшысы Роско Хиллмен кездесті. Алғашқы раундтан тізгінді өз қолына алған Сәкен америкалыққа еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Кей төрешілер бұл кездесуге 8 ұпай да қойды. Сөйтіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Қазіргі кезде Қазақстан қоржынында екі алтын, бір күміс, бір қола медаль бар. Енді рингке Серік Теміржанов (57 келі) шығады.

Кеше Қазақстан боксшыларынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) алтын, Махмұд Сабырхан (54 келі) күміс медаль еншілеген еді. Оның алдында ұлттық құрама капитаны, 67 келідегі Абылайхан Жүсіпов қола медальға ие болған.

Чемпионға АИБА 100 мың, бокс федерациясы 70 мың, Үкімет 15 мың доллар сыйақы береді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров