Бокс

Серік Теміржанов әлемнің вице-чемпионы атанды (видео)

Бек ТӨЛЕУОВ

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі 

Бокстан Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында АҚШ боксшысына есе жіберген Серік Теміржанов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Отандасымыз финалда 18 жастағы АҚШ боксшысы америкалық Джамал Харвейге есе жіберді. Сөйтіп, күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстан әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады.

Қазақстан боксшыларынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов алтын, Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Серік Теміржанов (57 келі) күміс медаль еншіледі. Ал ұлттық құрама капитаны, 67 келідегі Абылайхан Жүсіпов қола медальға ие болды.

Чемпионға АИБА 100 мың, бокс федерациясы 70 мың, Үкімет 15 мың доллар сыйақы береді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров