Ақмола облысы

Ақмола облысында интернаттағы балаларды соққыға жығып, ақша бопсалаған (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Степногорск қаласындағы Дарынды балаларға арналған спорттық мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушылары өздерінен кіші ұлдарды ұрып-соғып, ақша алған. Әлімжеттік көрсеткіндердің біреуі балалардың таяқ жегенін бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бейнежазбада ұлдарға әлімжеттік көрсетіп, олардың төсінен және ішінен соғып, балағаттап жатқанын көруге болады. Сондай-ақ әңгіме арасында бір тәрбиеленуші 200 теңге бергені айтылады.

13 қараша күні Степногорск қаласының әкімдігі мектеп-интернатта шұғыл жиналыс өткізіп, балалардың бір-біріне әлімжеттік көрсеткені және мектеп әкімшілігі осындай сұмдыққа жол бергені айтылған.

Кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға және Ақмола облыстық спорт басқармасына мектеп әкімшілігіне шара қолдану үшін хат жолдаймыз. Бірнеше жасөспірім мен мектеп әкімшілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды,

—деді Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Гүлнәз Әбілова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров