"Өзін-өзі тұншықтырып, пышақ кезеді": Кондуктор адамдардың зәресін алды (видео)

Экспресс К

Видеодан кадр

Қарағандыда автобус кондукторы жолаушылардың көзінше өзін белдікпен буындырмақ болды. Онымен қоймай қоғамдық көліктегі адамдарға пышақ сілтеп қорқытты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Оқиға куәгерлерінің бірі автобус қызметкерінің бұл әрекетін видеоға түсіріп алған.

Біз Қарағандыдан Абайға кетіп бара жаттық. Кондуктор ызалана бастағанда автобус Ақтас маңында тоқтады. Кейін өзін белбеумен буындырмақ болған оның талма ауруы ұстады. Біраз уақыттан соң ол қолына арқан алып сыртқа шығып кетті. Кейін қайтып келіп жолаушыларға пышақ сілтеді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Адамдарды басқа автобусқа отырғызды, — деді оқиға куәгері.

Автобус қызметкерінің бұл әрекетіне не себеп болғаны белгісіз.

Болған жағдайдан кейін оны жұмыстан шығаруы мүмкін. Қарағанды автопаркінің басшылығы денсаулығында ақауы бар адамның мұндай қызметке қалай қабылданып жүргенін анықтап жатыр.

Қарағанды облысы ПД-нің баспасөз қызметі аталған жәйт туралы хабарлама түспегендігін мәлімдеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров