Қуат Хамитов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне шаршы алаңға шығатын болды

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (21-7-1) келесі сайысы қашан өтетінін жария етті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ол тағы бір отандасымыз Нұрберген Шәріповпен (10-3) жолығады.

Ресми! Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов. 16 желтоқсан MFC-2 алаңында грэпплинг бойынша айқас,

—деп жазды спортшы.

instagram.com/kuat__khamitovinstagram.com/kuat__khamitov
instagram.com/kuat__khamitov

Хамитов соңғы жекпе-жегін 24 қыркүйекте өткізген. Қазақстандық спортшы Сочидегі (Ресей) Fight Nights турнирінде ресейлік Мариф Пираевтан (27-4-1) жеңіліп қалды.

Атыраулық Нұрберген Шәріпов болса, қазан айында АСА 130 турнирінде бразилиялық Фелипе Фроесты (20-5-1) бірінші раундта нокаутпен ұтқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров