Алматы

Алматыда келіншек үш бірдей кішкентай баласымен 9-шы қабаттан секіріп кетті

Экспресс К

© ЭК

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек Жетісу ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болғанын растады. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласымен 9-шы қабаттың терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы Полиция департаментінде жедел тергеу тобы құрылды.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров