Қайрат Нұртастың жары балаларына өлім тілегендерді сотқа берді

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Хит әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова үш адамның үстінен іс қозғатқан. Олардың екеуі Қайрат пен Жұлдыздың балаларына өлім тілесе, үшіншісі актрисаның өзіне тіл тигізген, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Жұлдыз әлеуметтік желіде жеке басына және отбасына тіл тигізіп, шектен шыққандарды енді заңмен жазалауға кірісті.

Үндемеген сайын үдеп барады. Заңгерлерім жеке басыма тіл тигізген мына жігітті және балаларыма өлім тілеген екі әйелдің үстінен іс қозғады. Әлеуметтік желіде тәртіп керек,

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз мәдениетсіздік танытқан адамдардың суретін өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялай бастады. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде тәртіп орнатудың жалғыз жолы — осы.

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров