Суицид жасаған келіншектің ата-енесі енді баласының өміріне алаңдайды (видео)

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Коллаж ЭК

Үш баласымен терезеден секіріп мерт болған Бақтыгүл Қыдырбаеваның қайын атасы Бауыржан Оразов келіні мен немерелерінің өліміне әлі сене алар емес. Олар енді баласының өмірі үшін алаңдап отыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бақтыгүл Қыдырбаеваның ата-енесі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Үлгілі ауылында тұрады. Марқұм келіншектің күйеуі — Нұрсұлтан үйдің тұңғышы екен. Келіні мен немерелерінен бір-ақ күнде айырылып қалған отбасы мүшелері енді баламыздан да айырылып қаламыз ба деп алаңдайды. Өйткені Нұрсұлтан ата-анасына өзінің өмір сүргісі келмейтінін айтыпты.

Баламның өзі түсінбей жатыр. Жылап-еңіреп "Папа мен төртеуінен айырылдым, қайтіп күн көремін, жерлеймін де өлемін"- дейді маған

— деді Бауыржан Оразов.

Ал, ұлдың анасы Нұржамал Оразова марқұм келіндерінің тек жақсы жағын ғана еске алады. Оның айтуынша, ұлы мен қызы бір-бірін қатты жақсы көрген.

Марқұмдардың мәйіттері Шымкентке бүгін жеткізіледі. Ал ертең жаназасы Қазығұрт ауданынан шығарылады. Express Qazaqstan суицид жасаған келіншек туралы бұған дейін бірнеше материал жариялады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров