Елордада 20-дан астам әуе рейстері кешіктірілді

Express Qazaqstan

©AP/David ZALUBOWSKI

Елордада төпелеп жауған қарға байланысты Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайындағы рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін түнгі сағат 02:30-дан бастап ұшу-қону жолақтарын тазарту үшін елорда әуежайы уақытша жабылды деп мәлім етті.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 рейс уақытша тоқтады, 9 рейс бойынша ұшып келетін ұшақтар қосалқы аэродромға кетті,

— делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтандағы ұшып-қону жолағы сағат 09-да ашылған.

Министрлік жолаушыларды әуе компанияларының анықтама қызметіне хабарласуға болатынын ескертеді.

Ұшуы кешіктірілген рейстер:

  • KC956, Алматы
  • FZ 1706, Дубай
  • КС 921, Франкфурт
  • КС 407, Шымкент
  • DV 741, Ақтау
  • КС 207, Дубай
  • КС 981, Атырау
  • КС 622, Алматы
  • КС 7315, Қызылорда
  • SU 1957, Москва
  • КС 123, Ташкент
  • КС 977, Ақтөбе

Қонуы кешіктірілген рейстер:

  • IQ 386, Қарағанды
  • DV 722, Ақтөбе
  • КС 984, Атырау
  • КС 7328, Шымкент
  • КС 314, Ақтау
  • КС 138, Санкт Петербург
  • FZ 1705, Дубай
  • SU 1956, Москва
  • КС 918, Алматы
  • КС (3 сандар) — Air Astana
  • КС (4 сандар) — FlyArystan
  • IQ — Qazaq air
  • FZ — Fly Dubai
  • DV — SCAT
  • SU — Aeroflot

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров