Ауа райы: Еліміздің солтүстігі мен шығысында не болып жатыр? (видео)

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

instagram.com/akimat_nur_sultan

Еліміздің бірқатар аймақтарында қалың қар жауды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге жолда барынша мұқият болуды ескертті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, арнайы техника қала мен аудан көшелеріне қардан тазалауға шықты. Тәулік бойы жұмыс жүргізіліп жатыр.

Боран мен көктайғақ қозғалыстың барлық қатысушыларына үлкен қауіп төндіріп отыр. Сондықтан жүргізушілердің қауіпсіз жылдамдықпен жүргені абзал. Егер мүмкін болса, қаладан тыс сапарлардан бас тарту керек,

— деп ескертті полицейлер.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұрғындарды дауыл болады деп ескертті.

25 қарашада Өскемен қаласында көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Семейде де көктайғақ болып, оңтүстік, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады,

— деп хабарлайды облыс полицейлері.

Елордада да ауа райы бұзылып, қалың қар түсті. Полицейлер жүргізушілерді абай болуға және көлік жүретін жол бойында көлік қоймауға, қоғамдық көлік қозғалысына кедергі келтірмеуге және қар жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырады.

instagram.com/akimat_nur_sultan
instagram.com/akimat_nur_sultan

Жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек. Жолдан өткен кезде гаджеттерден алшақтап, құлаққаптарды шешіп, жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізу керек,

—деп ескертті каланың Полиция департаментіндегілер.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров