Оқушылар қайтадан қашықтан оқитын болды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Еліміздің бірқатар аймағында қалың қар жауды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мектептері қашықтан оқуға көшті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

25 қарашадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымының 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді,

— дейді Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасындағылар.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, қарашаның 24-нен 25-іне қараған түні елордадан 26 мың текше метрге жуық қар шығарылған. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қар тазалауға 2 мыңнан астам арнайы техника мен 1900 жұмысшы жұмылдырылған.

"Қазгидромет" мамандарының ақпаратына сәйкес, елордаға бір түнде 25 мм қар жауған. Негізі қаланың қараша айындағы әдеттегі нормасы 28 мм, яғни бір тәулік ішінде елордаға бір айлық қар жауған.

Ал 1-25 қараша аралығында елордада 45,1 мм қар жауған. Бұл айлық нормадан 1,5 есе көп,

— дейді ауа райын болжаушылар.

Express Qazaqstan бұған дейін қолайсыз ауа райының салдарынан еліміздің солтүстігі мен шығысында не болып жатқанына байланысты видео жариялаған еді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров