Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты іс сотқа жетті

Айтуған ҚАЗБЕКҰЛЫ

Қайрат Нұрлыбаев / Pixabay

Атырауда 80 млн теңге мемлекет қаржысын талам-таражға салды деп айыпталған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Әкім орынбасары жеке шаруа қожалығына 80 млн теңге субсидияны заңсыз берді деген күдікке ілінген. Шенеунік пен "Бұйырғын" шаруа қожалығының иесі Нұрлан Бисембаев ҚР ҚК 189-бабымен (Сеніп тапсырылған мүлікті талам-таражға салу) айыпталып, облыстық прокуратура қылмыстық істі қалалық №2 сотқа тапсырды.

Қылмыстық іс 14 томнан тұрады. Қайрат Нұрлыбаев пен кәсіпкер сотқа үйінен келіп қатысады. Өйткені оларға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған.

Іс келіп түсті. Бірақ сот отырысы тағайындалмады

—қалалық №2 соттың баспасөз қызметі

Қайрат Нұрлыбаев осы қылмыстық іс туралы мақала жазған атыраулық журналист Фархат Әбіловтің үстінен полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғауды сұраған болатын. Алайда кейін арызын қайтарып алды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов сотта Қайрат Нұрлыбаевтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, бұл істі болып жатқан Атырау облысы әкімінің екінші орынбасары. Тағы бір орынбасары Нұрлан Таубаев жеке компаниядан 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынған еді. Ол кінәсін мойындаған жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров