Газ

Ақтаудағы тұрғын үйдегі газ иісі жұртты дүрліктірді

Экспресс К

Бейнеден кадр

Ақтаудағы тұрғын үйлердің біріндегі газ иісі тұрғындарды әбігерге түсті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері келіп жеткен. Кешкілік болған жағдайға пәтерлердің бірінен шыққан газ иісі себеп болған.

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, кезекші бөлімге қоңырау түскен. Құтқарушылар барғанымен ештеңе анықталмаған.

Дегенмен полиция қызметкерлері оқиға орнында адамдарды қоғамдық тәртіпке шақырған.

Express Qazaqstan қараша айының басында Ақтау қаласындағы "Шерқала" кешенінде асханада болған газ жарылысы туралы жазған болатын. Онда ғимаратқа айтарлықтай зиян келгенімен, адам шығыны тіркелген жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров