Маржан Арапбаева Түркиядан 187 мың еуроға үй сатып алмақ

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/arapbayevamarzhan

Танымал әнші алдағы жылы Түркияның Алания қаласынан үй сатып алуды көздеп отыр. Бағасы арзан емес. Маржан Арапбаеваның бұған дейін 187 мың еуро (92 миллион теңгеге жуық) тұратын екі қабатты коттеджге көзі түсіпті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Таунхаус теңіздің жағасында орналасқан.

"Түркиядан үй сатып алуды осыдан 5-6 жылдан бері армандап келемін. Шаң-тозаңға аллергиям бар. Сондықтан теңіздің жағасында жиі демалуым керек. Осы жазда Түркияға барып, құрылыс компанияларының мамандарымен сөйлесіп қайттым. Тіпті Аланияның қақ ортасынан "таунхаус" сатып алмақ болдым. Бағасы — 187 мың еуро. Алайда бір себептермен кейінге қалдырдым. Енді алдағы қаңтар айында сатып аламын деп отырмын", — дейді Маржан Арапбаева.

instagram.com/arapbayevamarzhaninstagram.com/arapbayevamarzhan
instagram.com/arapbayevamarzhan

Алайда өнер иесінің шет елге көшу ойында жоқ. Ол үйді жалға беру үшін алмақ.

Өз елімнен ешқайда кетпеймін. Мен бұл жерде көтерілдім. Өзіме ұнайтын жұмысым бар. Өзге елде бір айдан артық тұра алмаймын. Жалға беріп қоямын. Кейде отбасыммен демаламын,

— дейді әнші.

instagram.com/arapbayevamarzhaninstagram.com/arapbayevamarzhan
instagram.com/arapbayevamarzhan

Әншілердің арасында Түркиядан баспана сатып алуды жөн көрген жалғыз Арапбаева емес. Бұған дейін Мәдина Сәдуақасова, Алтынай Жорабаева, Қыдырәлі мен Қарақат сынды жұлдыздар да түрік елінен баспаналы болғандарын айта кетейік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров