Стамбулда болған қатты дауыл қаланы тас-талқан етті (видео)

Экспресс К

Видеодан кадр

Дүлей желдің салдарынан екі адам қаза тапты. Адамдар түсірген бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

RT агенттігінің мәліметінше, мерт болған екі адам жел ұшырып әкеткен үй шатырының астында қалып қойған.

Қатты дауылдың кесірінен Босфор бұғазындағы кемелер қозғалысы тоқтатылып, әуе қатынасы бұзылды.

Жел екпініне шыдамаған бірнеше ғимараттар мен ағаштар қирап, электр желілері зақымданды. Синоптиктердің болжауынша, дауылды ауа райы сейсенбі күнге дейін сақталады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров