Үйіне тұзды тау қылып үйген әйел көршілерін әбден мезі етті (видео)

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Коллаж ЭК

Таразда Ұлбике ақын көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары көршілерінің әрекетіне байланысты шағымданып отыр. Олардың айтуынша, үйдің бірінші қабатында тұратын жалғызбасты әйел кейде аулада тыр жалаңаш жүреді екен. Одан бөлек, ол ас тұзын пәтеріне биіктігі белге дейін жететіндей етіп үйіп тастаған, деп хабарлайды Express Qazaqstan

Көршілері "Тұз патшайымы" деп атап кеткен әйел бұл үйге бес жыл бұрын көшіп келген. Алғашында көршілердің көзіне көп түспегенімен, кейіннен оғаш қылықтары байқала бастапты. Ол дәретін үйінде ыдысқа сындырып, терезеден сыртқа төге салатын көрінеді. Қаншама рет ескерту жасалғанымен, одан еш нәтиже болмаған.

Үйінен көп шықпайтын тұрғынның тұрмысынан бәрі бейхабар болыпты. Оның пәтеріне бес жылда бірінші рет кірген көршілері үй ішін көргенде жағасын ұстаған. Әйел барлық бөлмесіне тұзды үйіп тастапты.

©ЭК/Н9ржан МЕРГЕНБАЙ©ЭК/Н9ржан МЕРГЕНБАЙ
©ЭК/Н9ржан МЕРГЕНБАЙ

Бұл көрші әбден шаршатты. Ол бізді сайтансыңдар деп жақындатпайды. Әлдебір күштерден қорғану үшін үйіне тұз сеуіп тастаған. Оның әрекеті бүкіл үйге қауіп төндіріп тұр

— дейді осы үйдің тұрғыны Әлия Қалауова.

Әлия Қалауова / ©ЭК/Нұржан МЕРГЕНБАЙӘлия Қалауова / ©ЭК/Нұржан МЕРГЕНБАЙ
Әлия Қалауова / ©ЭК/Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Әлияның айтуынша, 42 жастағы Күләштің ақыл-есі дұрыс емес. Сол себептен арнайы есепте тұрған көрінеді. Туыстарын да іздеген, одан еш нәтиже шықпапты. Бірақ Күләштің ата-анасы мен бір ағасы бар екенін көршілері біледі. Алайда олар бұл үйде бірде-бір рет көрінбепті. Енді тұрғындар не істерін білмей отыр. Жалғызбасты әйел кей кездері ішімдік ішіп, аулада тыр жалаңаш жүретін көрінеді.

Бұл үйде 8 отбасы тұрамыз. Әрқайсысының бірнеше баласы бар. Балаларды аулаға шығаруға қорқамыз. Психикасына ауыр тиеді ғой. Бір адамның әрекетінен бәріміз жапа шегіп отырмыз,

— дейді көршілер

Мұндайдан әбден шаршаған тұрғындардың бірі көршісінің үстінен арыз жазған. Мамандар келіп, мазасыз әйелді психиатриялық диспансерге алып кетіпті. Қазір Күләш сонда жатыр. Ал Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар ол туралы ешқандай ақпарат бере алмаймыз деп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров