Шымкентте жалдамалы пәтерден тағы бір бойжеткеннің мәйіті табылды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Әлеуметтік желіде

Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты үйдің пәтерінен 23 жасар қыздың мәйіті табылды. Бойжеткен пәтерді бүгін таңғы сағат 7-лерде жалға алған екен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Тыныбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтеріндегі мәйіт туралы хабар полицейлерге сағат 10.05-те келіп түскен. Марқұм 1998 жылы дүниеге келген.

Оқиға орнынан бойжеткеннің жеке заттары тәркіленіп, қол саусақтарының іздері алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде,

— деді Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер.

Бойжеткеннің неден және қалай көз жұмғаны сараптама қорытындысынан соң белгілі болады.

Еске салсақ, осыдан бес күн бұрын Шымкенттегі Республика даңғылындағы жалдамалы пәтерден бірнеше пышақ жарақатын алған 23 жасар бойжеткеннің мәйіті табылған болатын. Бұл қанды оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров