Көлік төбесінде тік тұрып, билеген жігіт желіде күлкіге қалды (видео)

Олжас НҰРЖАҚЫП

Бейнеден кадр

Алматыда жүріп бара жатқан жол талғамайтын көлік төбесінде тік тұрып, қолын сермей билеген жігіттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бейнежазбаға қарап, бұл жағдай Әл-Фараби даңғылында болғанын білеуге болады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бейнежазба Instagram-дағы Almaty_kris_p парақшасында жарияланды. Видеода қара пальто киген белгісіз жігіт көлік үстінде еркін билеп бара жатқанын көруге болады. Қолын ары-бері сермеген ол, желі қолданушыларының да қызу талқысына түскен.

"Масқара, көлік кілт тоқтаса жазым болады ғой". "Үнді киноларын көп көріп қойған-ау". "Айыппұл төлеп, кешірім сұраған видеосын күтеміз". "Хайпты да осылай жасауға бола ма?",

— деп жазды желі қолданушылары.

Қалалық полиция департаментінде бұл жағдайға түсініктеме бермеді. Жігіттің кім екені белгісіз. Іздестіріліп жатыр. Әзірге еш ақпарат берген жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров