Қостанай
Қостанайды "қарғыс атқан қала" деп боқтаған футболшыға әкім жауап берді


sports.kz
Кезінде Талдықорғанның "Жетісу" командасында доп тепкен қақпашы Алмат Бекбаев сол кезде әлеуметтік желіде "Қостанай деген бір жексұрын қала екен. Пиццаға да тапсырыс бере алмайсың. Камооон, факин, щеееет!" деп боқтаған еді. Осыған байланысты спортшыға жауапты облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өзі жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.
Алматты, негізі жақсы танимын. Мен Ақтөбеде әкім болғанда жергілікті командада ойнаған еді. Олай неге айтқанын түсінбедім. Жалпы қазір Қостанай қаласы қарқынды дамып келеді,
Оның айтуынша, қалада жаңа нысандар, көңіл-күй көтеріп, тамақтанатын орындар көптеп ашылып жатыр.


sports.kz
Қалада пицца жасайтын мейрамханалар да аз емес. Бізде 100 мың шаршы метр болатын ойын-сауық орталығымыз да бар. Ол еліміздегі ең ірі орталықтың бірі. Міне сол жерге отандық былай тұрсын, шетелдік футболшылар да келіп тамақтанады. Оларға ұнайды,
Біреу Қостанайды боқтап жатса, енді біреуі жергілікті тұрғындардың жағдайын жасап, көмек көрсетіп жүр. Мәселен Экспресс К тілшісі облыстағы жұмысшыларға үй сыйлап жүрген диқаншылар туралы жазған еді.
Бөлісу