Секс

Секстен кейінгі 48 сағат өмірдегі ең ғажап сәттің бірі саналады

Экспресс К

Pixbay

Сүйген адамыңмен жақындасқан кезде ағзамызда бақыт гормондары – эндорфин мен окситоцин бөлінетіні белгілі. Дегенмен құмарлықтың жағымды әсері процестің өзінен әлдеқайда ұзаққа созылады, деп хабарлайды Экспресс К.

АҚШ-тың Флорида штатындағы университетт ғалымдарының айтуынша, қарымһқатынастағы адамдар арасында тұрақты жыныс қатынасы болуын жақтайды. Осыған байланысты олар тіпті 200 жұп қатысқан зерттеу жүргізген. Бұл туралы Facebook парақшасына сексолог Екатерина Панченко жазады.

Ғалымдар ерлі-зайыптылардың бақыт деңгейін жиі және сирек жыныстық қатынас бойынша өлшеп көрген.Ондағы мақсат — секстің адам өміріне қалай әсер ететінін анықтау. Сөйтсе, жыныстық қатынас барысындағы алынған әр оргазм ағзаға 48 сағатқа күш береді,

— деп жазады сексолог.

Біріншіден, жақын қарым-қатынастан кейін адам жұмысты әлдеқайда жақсы істейді. Сексологтың мәліметінше, жыныстық қатынас адам өнімділігін кем дегенде 12 пайызға арттырады. Оргазмнан кейін қатарынан екі күн біз тапсырмаларды тезірек әрі жақсырақ орындаймыз.

Екіншіден, ер мен әйел арасындағы жақындық екуінің қарым-қатынасына жақсы әсер етеді. Флорида Университетінің жоғарыда айтылған зерттеуі бойынша, секстен кейінгі 48 сағатта екі адам арасындағы сенім деңгейі күрт артады.

Үшіншіден, оргазм біздің психологиялық жағдайымызға оң әсер етеді.

Оргазм кезіндегі бақыт гормондары ұзақ уақытқа күш береді. Бұл бізге қиын әрі ауыр жағдайда сабамызға тез түсуге көмектеседі,

— дейді сексолог.

Демек, бұдан шығатын қорытынды: махаббат түні — депрессияға қарсы тұрудың ең жақсы табиғи түрі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров