"Аузымды алты жерден тікті". Рымбаеваның келіні басынан өткен жағдайды айтты

Экспресс К

instagram.com/akerkeburkitbay

Халық артисі Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай басынан өткен оқиғасын айтты. Ол сноубордтан құлап, ернін жырып алған.

Оқиға осыдан екі жыл бұрын болған, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/akerkeburkitbayinstagram.com/akerkeburkitbay
instagram.com/akerkeburkitbay

Бұрын достарымызбен жаяу тауға жиі шығатынбыз. Әр жексенбі сайын таңғы 5.30-да тұрып, Медеуден Шымбұлаққа дейін жаяу жүретінбіз. Таңғы асты тауда ішетінбіз,

— дейді Ақерке Бүркітбай.

Ақерке спорттың бұл түрін қатты ұнатып қалған. Қолы қалт етсе, күн-түнге қарамастан, тауға шығуды әдетке айналдырыпты. Хоббиін енді тапқан кезде өнер иесі оңбай құлаған.

instagram.com/akerkeburkitbayinstagram.com/akerkeburkitbay
instagram.com/akerkeburkitbay

Бетпен құладым. Аузымның іші жыртылып, оны алты жерден тікті,

— дейді әнші.

Экспресс К бұған дейін Ақерке Бүркітбайды көпшілік аяғы ауыр деп топшылаған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров