Рэпер

"Жақын сөйлесейік". Қазақша рэп айтқан африкалық жұртқа ұнап қалды (видео)

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Ғаламторда африкалық азаматтың қазақ тілінде рэп оқыған бейнежазбасы қызу талқылануда.

Ол атпен ауыл ішінде қазақша өлең құрап, бір топ жігіттің ризашылығына бөленді, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазақ тілінде өлең сөздерін құрап, рэп оқыған шетелдіктің бейнежазбасы блогер Бақыткелді Ниязбековтың Facebook-тегі парақшасында жарияланды. Видеодан ауыл ішінде атпен келе жатқан 5-6 жігіттің қара бала өнеріне тамсанып келе жатқанын көруге болады. Ол өз жанынан "Армандар орындалады" деп өлең айтуда.

Кел, жақын сөйлесейік. Айтарым саған, Бізде бәрі бар. Батыр болыңдар, Армандар орындалады,

— дейді ол.

Шетелдіктің жанынан шығарған өлеңін жүктеген видео авторы Қазақстандағы азаматтардың қазақ тілін үйренуге ниет болса, қашана кеш еместігін жазған.

Шетелдіктердің өзі қазақ тілін үйреніп алғанда, еліміздегі бір ауыз қазақша білмейтін азаматтарға не жорық,

— деп жазған видео авторы.

Африкалық жігіттің өнеріне желі қолданушылары да қолдау білдіруде.

"Жарайсың, қазақ тілі рэппен керемет үндеседі екен". "Дұрыс, құда болып жатырмыз ғой". "Күшті, өз тілінен ұялатындардан 100 есе артық",

— деген пікірлерін қалдырған желі қолданушылары.

Әзірге бұл баланың қайдан келгенді және қай өңірде атпен серуендеп жүргені белгісіз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров