Ақтау

Ақтаулық блогер: "Менікі деген алтын ғой, тап-таза!" (видео)

Экспресс К

instagram.com/saltanat.a.e.0001

Ақтаулық блогер іnstagram-да оқырмандардың анайы сұрақтарына жауап беріп, жұртты дүрліктірді. Белсенділігімен көптің назарынан тыс қалмайтын Салтанаттың әлеуметтік желідегі жарияланған бейнежауаптарында бейәдеп сөздер жиі кездеседі.

Іnstagram-да Салтанат атымен тіркелген блогер оқырмандарының ашық қойған сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Соңғы бір жылда өте танымал болған блогер үнемі еш қымсынбайды, оғаш қойылған сұрақтарды жауапсыз қылдырған емес. Желіде Салтанаттың оқырмандарының бірі "Ана жағында түк бар ма?" деп сұрақ қойған.

"Қой, менікі деген алтын ғой, ол жақ деген, мұнтаздай тап-таза ғой. Кәдімгі шыбынның өзі тайып құлайтындай болып тұр ғой", деп жауап берген.

Тіпті бұл аздай, блогер шугарринг жасап жатқан сәтін де бейнежазбаға жазып, іnstagram-да жариялаған.

"Ал ағайын, ең маңызды жерімізге келдік. Осыдан кейін жоқ болып кетсек, Заринадан көресіздер. Именно осы жерге келгенде" деп айғайға салады блогер.

Осындай әрекеттерімен жұртты таңқалдырудан жалықпайтын Салтанат өзінің бизнесвумен екенін үнемі айтады. Ақтаудағы сауда орталықтарында түрлі бағытта саудамен айналысатын көрінеді.

Ол бұған дейінгі жазбаларында өзінің ажырасқанын, кейін кездесіп жүрген жігітінің абайсызда абақтыға түсіп, ұзақ жатқаны туралы да жариялады.

Айта кететін бір жайт, Іnstagram-да ақтаулық блогер Салтанаттың атымен ашылған бірнеше парақша бар. Олардың бірқатары бизнес нысандарға арналған болса, тағы біразында блогердің өзін түсірген бейнежазбалары жарияланған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров