Ауыр атлетика

Әлем чемпионы Қыдырбаев допингпен ұсталған соң Қытайдан киім әкеліп сатып жүр

Бек ТӨЛЕУОВ

Жасұлан Қыдырбаев

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев допингпен ұсталғаннан кейінгі ауыр тағдырын айтты.

2016 жылы Қазақстанның бір топ ауыр атлетіне "допинг қолданды" деген айып тағылып, олар түрлі мерзімге үлкен спорттан шеттетілді. Солар­дың арасында Жасұлан Қыдырбаев та болатын. Ол сегіз жылға алыстатылды. Спортшы "Уақыт көрсетеді" деген бағдарламада амалсыздан сауда жасауға да шыққанын айтты, деп хабарлайды

"Спорттан кеткеннен кейін біраз қиындықтар болды. Жұмыс іздеп, көп жерге бардым. Дүркіреп тұрып, тарс етіп құлаған оңай емес. Адамдардың шын бейнесін сондай сәтте байқайсың. Спорт мектептері мен кәсіпкер азаматтарды жағаладым. Бірақ ешқайсысы жұмыс жоқ деп айтпайды. Тек кейін хабарласамыз деп шығарып салумен шектелетін. Әйтеуір, Сейілхан деген ағам қолғабыс етіп, Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне жұмысқа алды", — дейді Жасұлан Қыдырбаев.

Жасұлан ҚыдырбаевЖасұлан Қыдырбаев
Жасұлан Қыдырбаев

Ол сол уақытта жұбайының қолдауы көп болғанын айтты. Үйде отырмай, сауда жасаған.

"Осы жылдары қарызға да кіріп кеттім. Қиналғанда басқа мемлекеттің намысын қорғасам ба деген де ой келді. Іздестіріп көрген кезде Түркия мен Кореяның қабылдауға дайын екенін байқадым. Бірақ оған Қазақстан ауыр атлетика федерациясы тарапынан рұқсат керек. Алайда басшылықтағы ағаларымнан көңілім қалған соң, көмек сұрағым келмеді", — дейді ауыр атлет.

Сосын спортшы сауда жасауға бел байлаған. Қытайдан балалардың киімін әкеліп сатқан.

Сауда істеп жүргенде 2020 жыды карантин басталды. Бұл да бізге бір мектеп болды,

— дейді Жасұлан Қыдырбаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров