Қарағанды облысы

Теміртау-Қарағанды тас жолында он шақты көлік соғылды (видео)

Экспресс К

Видеодан кадр

Тасжолдағы көктайғақтың кесірінен Теміртау-Қарағанды автобанында он шақты көлік соқтығысып, жолда жүру жағдайын қиындатты.

Instagram желісінде жария болған бейнежазбада бірнеше жеңіл көліктің қатты соғылғанын байқауға болады, деп хабарлайды Экспресс К.

Шетінен быт-шыт боп соғылып тұр. Әне, анау жерде де, мында да тағы екеуі қатты соғылған,

— деп әңгімелейді видео авторы.

Кадрда жол талғамайтыны бар, жеңілі бар, бірнеше көлік қирап, әр-әр жерде қаңтарулы тұрғаны байқалады.

"Жәй жүрсе қайтеді?!", "Жер қарада бұл трассамен жүру жылдамдығы 80! Ал біздің шопырлар көктайғақта жүзбен басады",

— деп жазады желіқолданушылар.

Экспресс К бұған дейін 20 желтоқсан күні кешкісін Қарағанды облысында көктайғақ болып, тұман түсетінін ескерткен болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров