Қария
Сексеннен асқан қарияның биі желіні жарды (видео)


Видеодан кадр
Әлеуметтік желіде жасы сексеннен асқан қарияның «Қаражорғаға» билеген биі көпшілікті сүйсінтіп тастады. Жасы ұлғайған кісінің қимылы ширақ, биі жарасымды.
Ауылдық жерде түсірілген бейнежазбада ата-әжелер "Қаражорға" әніне келістіріп билейді, деп хабарлайды Экспресс К.
Ата-ау, сіз аман болыңызшы. Сексен жастан асты,
Желіқолданушылар видеоның астына "Не деген жарасымды?!", "Ата-әжелеріміз аман болсын!", "Бізге де жұғысты болсын! Осы кісілер құсап қартаяйық", "Тәрбиесі мен көрген-білгені жақсы болып тұр ғой" деген секілді жағымды пікір қалдыруда.
Экспресс К бұған дейін дәл осылай "Қаражорғаға" немересімен бірге билеп, елді сүйсінткен ақсақал туралы хабарлаған болатын.
Бөлісу