Атырау облысы

Судья: "Бақытгүл Хаменова тамыр-таныстары арқылы тергеуге кедергі келтіреді"

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ / facebook.com/Бақытгүл Хаменова

Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы тергеу ісіне араласып, өзге адамдарға әсер етуі мүмкін деген қауіппен тергеу қапасына қамау тарлы шешім шығарды.

Енді Бақытгүл Хаменова сотқа дейін қаумауда отыратын болды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бақытгүл Хаменова ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімінің 2-бөлігі бойынша ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталуда. Ол облыста басшылық қызмет атқарғандықтан және басқа да әлеуметтік байланыстары болғандықтан, қылмыстық істің өзге де тұлғаларына әсер етіп, істің объективті тергелуіне кедергі келтіруі мүмкін, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Осыған дейін Атырау қалалық мамандандырылған тергеу соты Бақытгүл Хаменованың екі баласы мен қарт анасы бар екенін ескеріп, үйқамаққа жіберген болатын. Алайда облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұл жерде тамыр-таныстық басым болып кетуі мүмкін деп күдіктенеді. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ.

ЭК осыған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтің ұсталғанын хабарлаған болатын. Олар 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров