Махаббат Қайдарова

Танымал астролог Махаббат Қайдарова "бомж" болып кетті (эксклюзив)

Лаура БИҒАЛИ

Махаббат Қайдарова / видеодан кадр/©ЭК/Андрей ХАЛИН

Жұлдыз арқылы болашақты болжап жүрген белгілі астролог Махаббат Қайдарова Алматыдағы қаңғыбастарды бейімдеу орталығына мамыр айында түскен.

Атақты астрологтың мұндай жағдайға түскенін естіген Экспресс К тілшісі Қайдарованың хал-жағдайын білу үшін "Пана" әлеуметтік бейімдеу орталығына барып, сондағы қызметкермен сұхбаттасты.

"Пана" әлеуметтік бейімдеу орталығы / ©ЭК/Андрей ХАЛИН

Осы жылдың мамыр айында Алматы қаласы Түркісіб ауданының полицейлері Махаббат Қайдарованы мас күйінде далада жатқан жерінен тауып алып, әлеуметтік бейімдеу орталығына әкелген. Содан бері белгілі астролог қаңғыбастар мекемесін паналауда. Орталықтың әлеуметтік қызметкері Ырысгүл Құсайынқызының айтуынша, Махаббаттан туған қызы да, сіңлісі де бас тартқан.

Махаббат Қайдарова

"Махаббат дәл қазір денсаулығына байланысты ауруханада жатыр. Қант диабетімен ауырады. Сегіз айдың ішінде бес келі салмақ тастады. Ауруханаға ешкімді кіргізбейді. Махаббаттың 39 жастағы Меруерт есімді қызы бар. Қызымен телефон арқылы сөйлескен кезде анасының бала кезінде өзіне қарамағанын, сондықтан оны мүлдем көргісі келмейтінін айтты", — дейді Ырысгүл Құсайынқызы.

Ырысгүл Құсайынқызы / ©ЭК/Андрей ХАЛИН

Ырысгүл Құсайынқызы — орталықта Махаббаттың жай-күйін қадағалайтын әлеуметтік қызметкер. Астролог осыдан бірнеше жыл бұрын Алматының қақ ортасында орналасқан баспанасын сатып жіберген. Оның ақшасына бауыры солып қалған күйеуін емдетіпті. Алайда күйеуіне ем қонбай, жағдайы күннен күнге нашарлап қайтыс болады. Кейін өзінен он жас кіші жігітпен танысып, көңіл жарастырады. Екінші күйеуі де көп ұзамай қатерлі ісік ауруынан қайтыс болады. Махаббат қайғылы жағдайды көтере алмай күйзеліске түсіп, тіпті ішімдікке әуестенеді.

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Астролог бізге түскен кезде бет-аузы ісіген, азып- тозған. Есте сақтау қабілеті нашарлап барады. Бірақ өте жүрегі жұмсақ. Тез тіл тапқыш. Әсіресе, ер адамдармен тез сөйлесіп кетеді,

— дейді Ырысгүл Құсайынқызы.

Қазір Махаббат Қайдарованың жасы 56-да. Ауруханадан ем қабылдан шыққан соң ары қарай да аталған әлеуметтік бейімдеу орталығында жүре бермек. Мұндағылар астрологты Қарттар үйіне жіберейін десе, зейнеткерлік жасқа жетпеген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров