"Түрік актерлеріне көліктің құнын төледім". Қоянбаевтың фильмі жарыққа шықты


instagram.com/koyanbayevnurlan
Белгілі әзілкеш, продюсер Нұрлан Қоянбаевтың "Түркиядағы қазақша кәсіп" фильмі көрермендерге жол тартты. Фильмнің бесінші бөлімі халықтың сұрауымен қазақ тілінде түсіріліпті.
Фильмнің бюджеті 500 миллион теңге, деп хабарлайды Экспресс К.


Фильм алғашқы кадрынан-ақ күлкіге қарық қылып, адамды өзіне баурап алады. Басты рөлдегі кәсіпкер Жомарт бұл жолы Түркияның Стамбул қаласынан қымбат қонақүй сатып алмақ болады. Алайда ол алаяқтардың арбауына түсіп қалады.
Түркия мен Қазақстандағы бизнестің айырмашылығы қандай? деген сауалды жиі қояды. Иә, Түркия отырықшы ел. Олар кез-келген кәсіпті дөңгелетіп алып кетеді. Бізде де кәсіппен айналысып жүрген жандар көп. Қазақтар бизнесті енді үйреніп жатыр,
Оқиға желісі әдеттегідей жарасымды әзіл-қалжыңмен өрбиді. Қоянбаевтың бұл фильміне түріктің атақты актері Қадыр Доғулы түскен.
Түркияда танымал актер Қадыр Доғулы көп көмектесті. Қаражатымыз аз болса да олар бізді қолдап, демеп жіберді. Түрік актерлерінің қаламақысы Еркоштың қаламақысынан көп емес. Жаңа көліктің құнын төледім,
"Қазақша кәсіп" фильмі келесі жылы Түркияда түрік тілінде түсіріледі екен. Өткен жылы түсірілуі керек кино пандемияның кесірінен тоқтап қалған көрінеді.


"Қазақша кәсіптің" бес бөліміндегі ең үздік әзілдерін алып бір кино шығардық. Соны түрікшеге аударып, сценариін жазып қойдық. Кинода тек түрік актерлері ойнайды. Біз төбе көрсетпейміз,
"Бизнес по-казахски" комедиясының Түркиядағы түсіріліміне қатысу үшін әзілкеш Жахан Отарғалиев пен актер Қайрат Әділгерей желіде батл ұйымдастырған еді. Халық жаңа жобада КВН түлегі Жаханды көргісі келіп, оған көп дауыс берген. Жахан бұл фильмде аудармашының рөлін сомдайды. Актер бір ай бойы түрік тілін үйренген.
Халық осы кинода ойнағанымды қалады. Көпшілік маған дауыс берді. Менің рөлім аса қиын емес. Түрікше тез үйреніп алдым,


"Түркиядағы қазақша кәсіп" фильмі кинотеатрда 30 желтоқсаннан бастап көрсетіледі.