Қостанай

Қостанайда жас келіншек өз пәтерінен өлі табылды (видео)

Арман ТОРҒАЙҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Көз жұмған келіншек туралы бейнежазба әлеуметтік желіге салынды. Онда марқұмның туысы полиция қызметкерлерінің жұмысына шағымданады.

Экспресс К осыған қатысты ПД баспасөз қызметіне сұрау салды.

Бейнежазба Инстаграмдағы парақшада жарияланды.

23 желтоқсанда түнгі сағат 2-3 шамасында менің туған әпкем біреумен бірге өз үйінде ішімдік ішкен. Оның өлі денесі табылды. Полиция жұмыс істегісі келмейді. Оны туалетте қылғындырған. Полиция саусақ белгілерін әлі алған жоқ,

— дейді видеоны түсірген қыз.

Қостанай облысы Полиция департаменті осыған қатысты түсінік берді.

"Криминалдық өлімнің айқын белгілері жоқ мәйіттің табылу фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркеліп, сараптама тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша шешім қабылданатын болады. Оқиға орнын тексеруді сот-медициналық сарапшының қатысуымен жедел-тергеу тобы жүргізді", — делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Көз жұмған келіншектің жасы 33-те екені белгілі болды. Таныстары оның мінезі қалыпты болғанын айтады.

Кейін ПД баспаөз қызметінің хатшысы Ирина Беженарь сараптама қорытындысы бойынша суицид нақтыланғанын, бұған туыстарының да көзі жеткенін мәлімдеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров