Шекара

Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай қайтадан ушыға бастады

Экспресс К

© EPA

Қырғыз Республикасының шекара қызметі толықтай күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Себебі, Тәжікстанмен арадағы шекарада жағдай ушыққан.

Шекараға жақын жатқан елді мекендерде тәжіктер қырғызстандық автокөліктерге тас жаудырған деседі. Сондай-ақ, әскериледің бірі оқ атуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Экспресс К РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстандық шекарашылардың мәліметінше, өткен сенбіде тәжік әскерилері Дамба және Мақсат ауылдары маңында шоғырлана бастаған. Сондай-ақ, жауынгерлер ондағы блок-посттардың біріне миномет орнатыпты. Артынша Эки-Таш елді мекенінде Тәжікстан азаматтары қырғызстандық автокөліктерге тас жаудырған. Заңсыздықты тоқтату үшін қырғыз шекарашысы аспанға оқ атуға мәжбүр болыпты.

Осы оқиғадан кейін екі жақтың шекарашылары кездесіп, қауіпсіздікті күшейту бойынша кеңесті. Тәжікстан тарапы кінәлі азаматтарды іздестіруді қолға алғанын хабарлады. Шекараның осы аумағындағы әскерилердің барлығы күшейтілген жұмысқа көшті

— дейді ведомство өкілі.

Қырғыз-тәжік шекарасында арагідік осындай қақтығыстар болып тұрады. Оның себебі — екі ел арасындағы мемлекеттік шекараның дәл қай тұстардан өтетініне қатысты нақты келісімнің жоқтығы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров