Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары ауысты

Бек ТӨЛЕУОВ

Мұрат Нұртілеуді

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарын ауыстырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Нұртілеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Экспресс К.

Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды,

-делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін Самат Әбіш атқарған.

Мұрат Нұртілеу осыған дейін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған. Ол 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін бітірген (1998).

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров