Кәрім Мәсімов 2 айға қамауға алынды


Кәрім Мәсімов / facebook
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 2 айға қамауға алынды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соты мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Нұр-Сұлтан қалалық сотының мәліметінше, Кәрім Мәсімов "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша қамауға алынып отыр. Әзірге іс тергелуде.
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ұсталғанын жазған болатынбыз.