Дикий Арман

"Махаббат - қасірет". "Дикий Арманның" қырғыз әйеліне жерлестері аяныш білдірді

Экспресс К

instagram.com/arman__dikiy

"Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің "Қырғызстан аруы-2014" байқауының жеңімпазы, танымал модель Айкөл Әлікжановамен шаңырақ көтергенін бірі білсе, бірі білмейді.

Бұл туралы Қырғыз ақпарат құралдары бірнеше рет жазды, деп хабарлайды Экспресс К. Алайда Арманның нақты қай жылы отбасын құрғаны әлі күнге дейін белгісіз.

Сұлулық байқауында жеңімпаз атанған Айкөл бұқаралық ақпарат құралдарының назарынан тыс қалмады. Ол зергерлік бұйымдардың жарнамасымен айналысты. Қырғызстан аруы екі жылдан кейін өмірін басқа арнаға бұруды жөн деп тауып, хиджаб киген.

Қазір Айкөл — қыздарға арналған мұсылман киімін тігетін дизайнер. Ол бұл салада біраз жетістікке жетті. Алматы мен Бішкекте өзі жасап шығарған киімдерді сататын дүкендер ашты.

Бұл — менің ойланып барып қабылдаған шешімім. Хиджаб сән емес. Соңғы уақытта хиджабқа қатты қызықтым,

— дейді Айкөл.

Өткен жылдың қараша айында Арман мен Айкөлдің тұңғышы дүниеге келді. Қуанышты жаңалықты Арманның өзі Instagram-дағы парақшасында жазған еді.

Осы айдың басында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде "Дикий Арман" Алматыға келді. Тіпті Республика алаңына шығып, жастарға үндеу жасады. Алайда төрт күн бұрын ІІМ "Дикий Арманның" ұсталғанын хабарлады. Бұны естіген Қырғызстандағы әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір жазып, аяныш білдірді.

Ол — махаббаттың құрбаны. Махаббат — қасірет. Ол "Дикий Арман" сияқты жабайы емес қой,

— деп жазды желі қолданушылары.

Экспресс К бұған дейін "Дикий Арман" жайлы бірнеше материал жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров