Мәсімовтің екі орынбасары ұсталды


Әнуар Садықұлов / Дәулет Ерғожин
Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы ведомствоның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің екі орынбасарын қамауға алды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.
Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады.
Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Кәрім Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары — "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды,
Айта кетейік, бұған дейін Кәрім Мәсімов сот шешімімен екі айға қамауға алынған болатын.