Самат Әбіш

ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің қайда екені белгілі болды

Экспресс К

Самат Әбіш

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің қайда екеніне қатысты ресми жауап берілді.

Ресми жауап Ұлттық қауіпсіздік комитеті сайтына жарияланған, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпарына сүйенсек, Самат Әбіш қазір жыл сайынғы еңбек демалысында жүр.

Келіп түскен сұрауларға сәйкес ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш қызметінде екенін хабарлаймыз,

—делінген ҰҚК ақпаратында.

Еске салайық бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады деп сот 2 айға қамауға алған болатын. Артынша комитет басшысының бірінші орынбасары ауысты. Сол кезде ел арасында Самат Әбіштің қайда кеткені жайлы сұрақ туындаған. Көп ұзамай аталмыш ведомство бұрынғы басшы Мәсімовтың тағы екі орынбасары ұстағанын хабарлады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров