Марғұлан Сейсембай кәсібін Кәрім Мәсімов тартып алғанын айтты (видео)

Олжас НҰРЖАҚЫП

Марғұлан Сейсембай / Кәрім Мәсімов / facebook

Қазақстандық бизнесмен, инвестор, меценат Марғұлан Сейсембай қырғыз телеарнасына сұхбат берген.

Телебағдарламада Сейсембай өзіне тиесілі кәсібін Мәсімовтің тартып алғанын айтқан, деп хабарлайды Экпресс К.

Қырғыз телеарнасындағы Максим Полетаев жүргізетін "Вечер трудового дня" бағдарламасына қазақстандық меценат, қоғам қайраткері Марғұлан Сейсембай қатысты. 40 минутқа жалғасқан онлайн сұхбатта Қазақстандағы жағдайға қатысты біраз мәселе көтерілді. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің жеке басына жасаған әрекеті де айтылды.

Жақында қамауға алынған Кәрім Мәсімов маған тиесілі банкті тартып алған болатын. Бұған дейін осы жайтқа қатысы бар адамның аты-жөнін айтпаған едім. Қазір ұсталды. Сол себепті зиян тигізгендердің есімін ашық айтып отырмын,

—дейді Марғұлан Сейсембай.

Сондай-ақ, ол дәл осы жағдайдың қалай болғанын, қашан және кімдердің қатысы барын бөлек жазба ретінде жариялайтынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров