Әлем әншілері Шәмшінің әнін орындап, елге қолдау көрсетті (видео)

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Елімізде болған дүрбелең әлем назарынан тыс қалмады. Өнер азаматтары да бір ауыздан ән айтып, қолдайтындарын білдіріп жатыр.

Шәмші Қалдаяқовтың "Арыс жағасында" әнін бірнеше мемлекеттің әншілері өз елдерінде тұрып шырқады, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұлы композитордың шығармасын Қырғызстан, Украина, Әзербайжан, Сербия, Португалия, Түркия секілді оннан астам елдің әншілері орындаған. Ғаламторда пайда болған видео көптің көңілінен шықты. Әлем әншілері осы арқылы Қазақстанға бейбітшілік пен тұрақтылыққа ниеттерін жеткізді.

Ал желі қолданушылары "Мейірім бәрін де жеңеді", "Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", "Өнер азамттарына мың алғыс", "Өздеріне берілген өлең жолдарын неше күн жаттады екен",

— деп түрлі пікір қалдырған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров