Былтыр МакГрегор минутына қанша миллион доллар табыс тапқан?

Экспресс К

©AP/Charles Rex ARBOGAST

Ережесіз жекпе-жектен UFC версиясы бойынша екі мәрте бұрынғы чемпион Конор МакГрегор ең жоғары жалақы алатын спортшылар тізімінде көш бастады. Сарапшылар оның 2021 жылы тапқан табысын минутқа шағып, есептеп шыққан.

Online Betting Guide компаниясы өткен жылы танымал спортшылар қанша табыс тапқаны жөнінде жылдық есебін жария етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Былтыр Конор МакГрегор сегізбұрышта өткізген әрбір он екі жарым минуты үшін онлайн ставкалардан 8 695 652 доллар табыс тауып отырған.

Рейтингтегі екінші орынды 2021 жылы рингте небары 64 минут өткізіп, әр минуты үшін 444 444 доллар алған мексикалық боксшы Сауль Альварес иеленді.

Бұл ретте минутына 32 717 доллар тапқан бразилиялық футболшы Неймар, 23 139 доллар алған аргентиналық Лионель Месси және 18 662 доллар тапқан Криштиану Роалду рейтингтің 17, 23 және 25 орындарын иеленген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров