Өрт, жарылыс, қираған көліктер: Newscorr қолданушылары түсірген видеолар

Экспресс К

Видеодан кадр

Көшедегі шерушілер тобы, Алматыдағы өртеніп жатқан ғимарат, Ақтөбе әкімдігі маңында жарылған гранаталар, атқыланған көлік секілді видеоларды желіқолданушылар жаңадан ашылған Newscorr - азаматтық журналистика қызметінің редакциясына жолдаған.

Алматыда түсірілген видеолардың бірінде телеарна редакциялары орналасқан ғимараттан шыққанын өрт бейнеленген, деп хабарлайды Экспресс К.

Шамамен өрт шыққан тұс бірнеше телеарна орналасқан ғимараттың КТК арнасына тиесілі бөлігі секілді.

Ақыры өртті ешкім сөндірмеді. Себебі бұл күні қалада тәртіп сақшылары болмады және өртсөндіру машиналары істен шыққан. Республика алаңы, 13-те орналасқан ғимарат өртеніп жатыр,

— деп түсіндіреді видео авторы.

Newscorr сайтының тағы бір қолданушысы Алматы көшелерінің бірінде өнебойына оқ тиген Mercedes көлігін видеоға түсіріп алыпты.

Алматыда брондалған Mercedes S 600-ге оқ жаудырған. Бұл қала әкімімен бірге жүргенде оқ атылған көлік болса керек,

— деп жазады бейнежазбаны жүктеген автор.

Тағы бір қолданушы наразылық білдірушілердің көше бойымен қозғалып бара жатқанына куә болып, оны видеоға түсіріп алған. Адамдардың көптігі сонша, кейбіреулері көліктердің төбесіне шығып кеткенін көруге болады.

Желіқолданушылар Ақтөбе облыстық әкімдігіне жасалған шабуылдың видеосын да жіберген. Видеода ғимаратқа қарай жылжып бара жатқан наразылық білдірушілер тобы мен жарылған гранаталар анық көрінеді.

Келесі бейнежазбада да Ақтөбе облыстық әкімдігіне жасалған шабуыл бейнеленген. Видео авторы әкімдік ғимаратының алдында жүргені байқалады.

Еске сала кетсек, Newscorr азаматтық журналистикасының жаңа қызметін қазақстандық "Айту-Дала" компаниясы әзірлеген. Әрбір адам редакторға фото немесе бейнежазба жіберіп қана қоймай, бұл жерде ақша табуға да болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров