Айнұр Тұрсынбаева

Танымал заңгер Айнұр Тұрсынбаеваның қорын тексеруді сұрады

Ержан ШАЙЖАН

Коллаж /ЭК

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек "Айдың нұры" қорын қатаң тексеруді сұрады. Оның айтуынша, айтыскердің қоры халықтан жиналған ақшаны бұрыс бағытта жұмсаған болуы мүмкін.

Айгүл Орынбек Айнұр Тұрсынбаеваға халықтан түскен әрбір тиынға өзі де есеп беруін сұрап отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Айгүл Орынбек бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Онда танымал заңгер Айнұр Тұрсынбаеваның "Айдың нұры" қорын жіті тексеруді сұраған. Оның сөзінше, айтыскер ақынның елден жинаған ақшасы мақсатсыз жұмсалған көрінеді.

"Халықтан жиналған ақша — халықтың алдында тиынына дейін есебі берілуі керек. Африкаға ауыз су кіргізіп жүрген қорымыз, елімізге "Дикий Арман" арқылы қарулы лаңкестерді кіргізбегеніне кепілдік бар ма? Әрине жоқ! Сол себепті, бұл қор шұғыл түрде әрі жіті тексерілуі керек. Ауа жетпей жатқан халыққа "дем беремін" деген Айнұрдың өзіне биліктен үміт үзіп отырған халық болып, аппараттарға ақша аудардық. Рас қой?! Сол аппараттар елге келді ме, келсе қай ауруханаларға жіберілді соның да есебі берілген жоқ. Елден жасыратын ештеңесі жоқ болса, істеген әрбір амалы таза болса, Айнұр ханым халықтан түскен әрбір тиынға — өзі есеп берсе де болады", — деп жазды Айгүл Орынбек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров