Отбасы

Әке-шешесіне Түркияға жолдама сыйлаған қыздың анасы көзіне жас алды (видео)

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Шымкенттік бойжеткен туған күнін Дубайда (Біріккен Араб Әмірліктері) қарсы алуы керек болған екен. Бірақ ойлана келе ол жоспарын өзгертіп, әке-шешесіне тосынсый жасауды жөн көріпті.

Бойжеткен қатарынан кем қылмай мәпелеп өсірген ата-анасына алғыс айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Instagram және TikTok желілерінде көптің жүрегін елжіреткен әсерлі видео пайда боды. Онда бойжеткен ата-анасына Түркияда саяхаттау үшін жолдама табыстайды.

"Туған күнімді Дубай қаласында қарсы алуым керек болған. Дубайға өзім бармасам да ата-анамды Түркияға жіберемін. Енді Алла қалап, ата-анамды сәуірде Түркияға апарамын. Осы күнге жеткізгені, ешкімнен кем қылмай мәпелеп өсіргені үшін ол кісілерге рахмет айтамын", — дейді ол.

Осы сәтте бойжеткеннің анасы көзіне жас алады.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары ата-анасын қуантқан бойжеткеннің ісіне риза болып, олардың ғұмыры ұзақ болуын тілейді. Пікір жазғандардың бірі тосынсый жасаған ару шымкенттік екенін алға тартты. Оның жазуынша, бұл отбасы Тассай елді мекенінде тұрады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров