Еуропа

Еуропа депутаттары Қазақстан шенеуніктеріне жаза қолдануды сұрайды

Экспресс К

©AP/Olivier MATTHYS

Еуропа Парламентінің депутаттары Қазақстанда қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адам құқықтарының сақталмауына байланысты отандық шенеуніктерге қарсы санкциялар енгізуге шақырды.

РИА Новости агенттігінің ақпаратынша, арнайы құжат бүгін Страсбургтегі пленарлық сессияда қабылданады, деп хабарлайды Экспресс К.

Еуропарламент қабылдайтын бұл құжаттар декларативті, яғни оны орындау міндетті емес. Дегенмен, Еуроодақтың институттары мен Еуропа елдері оларды өз жұмысында ескереді.

2022 жылғы қаңтардағы наразылықтар кезінде елеулі құқық бұзушылықтар болды. Осыған орай Еуропарламент Еуроодақ кеңесін бұған жауапты Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктеріне дербес санкциялар енгізуге шақырады,

— делінген мәтінде.

Бұдан бөлек, еуродепутаттар Еуроодақ пен халықаралық қауымдастыққа "елдегі екі апталық митингілер кезінде Қазақстан халқына қарсы жасалған қылмыстарға қатысты халықаралық тергеуді дереу бастауға" кеңес берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров