"Қаңтар трагедиясына" байланысты қазақстандықтардың несиесі үш ай шегеріледі

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

Қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқан барлық бейбіт тұрғындардың несиелері кешіріледі.

"Қаңтар трагедиясы" кезінде зардап шеккен заңды және жеке тұлғаларға кредит төлеу мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі.

Бұл туралы бүгін Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары Ернар Оразбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде төтенше жағдай енгізу салдарынан көптеген кәсіпкерлер, қарапайым азаматтар коммерциялық қызметін немесе жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Осыған байланысты олардың табысы төмендеді, кәсіпкерлік субъектілеріне айтарлықтай материалдық залал келді. Енді бүлінген мүлікті жөндеуге, бизнестің қалыпты режимін қайтаруға уақыт қажет.

Зардап шеккен азаматтар несиені кейінге қалдыру үшін өтінішті барлық байланыс құралдары арқылы немесе сол қаржы ұйымдарының бөлімшелеріне барып тапсыруға болады,

— дейді Ернар Оразбаев.

Кейінге шегеру барлық зардап шеккен заңды және жеке тұлғаларға ТЖ енгізілген күннен бастап үш айға беріледі екен. Яғни,5 қаңтар төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап 4 сәуірге дейін есептеледі.

Кредиттер мен микрокредиттер бойынша жеңілдік кезеңінде барлық банк пен микроқаржы ұйымы айыппұл мен өсімпұл есептемейді,

— дейді ол.

Сонымен қатар, ол төлем мерзімін шегеру азаматтың кредит тарихына теріс әсер етпейтінін атап өтті.

Кейінге шегеруді алу үшін қарыз төлеуші кез келген қолжетімді байланыс тәсілімен немесе кредитордың бөлімшесіне жеке барып, еркін түрде өтініш жазуы қажет,

— дейді Ернар Оразбаев.

Бұған дейін депутат Ерлік Өмірғали Мәжіліс отырысында елдегі соңғы жағдайларда зардап шеккен кәсіпкерлердің несиесін 90 күнге тоқтату керек екенін айтқан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров