16 мыңнан астам қазақстандық "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қаражат аударды

Экспресс К

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қоғамдық қор елдегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет пен спорт салаларындағы мәселелерді шешуге бағытталған Президент бастамасын қолдаған барша қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарына алғысын білдірді.

2022 жылдың 16 мен 19 қаңтар аралығында "Қазақстан халқына" қорына 16 167 қазақстандық 29,3 миллион теңге ақша аударды, деп хабарлайды Экспресс К.

75 заңды тұлға мен кәсіпкерлердің атынан қорға 19,2 миллиард теңге көлемінде қаражат түсті.

Оның ішінде:

  • "Kaspi Bank" АҚ — 7 миллиард теңге;
  • "Kaspi Магазин" ЖШС — 3 миллиард теңге;
  • Halyk Bank АҚ — 3 миллиард теңге;
  • Жекеменшік "Халык" қайырымдылық қоры — 2 миллиард теңге;
  • "YDD Corporation"ЖШС, "Asia FerroAlloys" ЖШС мен олардың акционерлері — 1 миллиард теңге;
  • Жекеменшік "Нұрсұлтан Назарбаев" қоры — 500 миллион теңге;
  • "LANCASTER GROUP KAZAKHSTAN" АҚ — 500 миллион теңге;
  • "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ — 500 миллион теңге;
  • Абулгазин Данияр Рустэмович — 500 миллион теңге;
  • "BAZIS CONSTRUCTION" ЖШС — 400 миллион теңге;
  • "Степногорск тау-химиялық комбинаты" ЖШС — 350 миллион теңге;
  • Сұлтанғазин Алмас Өмірзақұлы — 200 миллион теңге;
  • "Қаратас Майнинг" — 100 миллион теңге

Қоғамдық қордың баспасөз қызметі қаражаттың қазақстандықтардың игілігіне және барлық салалардағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталатынын мәлімдеді. Қор жетім және дертке шалдыққан балаларға, елдегі әлеуметтік осал топтарға жататын мұқтаж адамдарға, қаза тапқан әскери, құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсетеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров