ҚР СІМ

СІМ Еуропарламенттің қарары біржақты екенін мәлімдеді

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің еліміздегі жағдайға қатысты қабылдаған қарары біржақты сипатқа ие екенін және объективті емес тұжырымдарға негізделгенін мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің еліміздегі жағдайға қатысты қабылдаған қарары біржақты деп мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Елімізде болған қаңтардағы қайғылы оқиғаларға объективті бағалаудың болмауы алаңдаушылық туғызады. Мемлекет басшылығы тапсырған ресми тергеп-тексеру нәтижелері жарияланғанға дейін мұндай құжаттарды қабылдау қисынсыз деп санаймыз,

— делінген хабарламада.

Министрлік оның нәтижелері халықаралық қоғамдастыққа ұсынылатынын айтып отыр. Қарар жобасын әзірлеу кезінде Еуропалық парламент депутаттары мен оның құрамындағы саяси топтар Қазақстанның ресми тұлғаларынан нақтылама ақпараттар мен түсіндірулер сұрамаған делінген.

Ведомство мәлімдемесіне сенсек, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі және мемлекеттік органдармен тікелей диалог жүргізетін азаматтық қоғам институттары да аталған құжат авторларының оларға жүгінбегенін айтқан.

Сыртқы істер министрлігінің бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының құқық қорғау органдарының террористік, экстремистік және қылмыстық топтарға қарсы заңды әрекеттерін сипаттайтын жарияланымдарында айтарлықтай қайшылықтар мен нақты емес тұстар бар екені туралы бұрын айтылған ұстанымы еленбеген.

Қазақстан Республикасы Еуропалық одақтың барлық институттарымен өзара түсіністік және құрмет қағидаттары негізінде өзара сындарлы іс-қимыл жасауға мүдделі,

— делінген хабарламада.

Министрлік Еуропалық Парламенттің аталған қарарын асығыс қабылдауы демократиялық институттарды нығайту және азаматтық қоғамның дамуына бағытталған ҚР Президентінің реформаларын қабылдау және жүзеге асыру үдерісіне кері әсер етеді және зиян келтіреді деп отыр.

Бұған дейін Еуропа депутаттарының Қазақстан шенеуніктеріне жаза қолдануды сұрағанын жазғанбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров