Қорға бір күндік жалақыны аудару қажет емес – Тоқаев

Бек ТӨЛЕУОВ

facebook.com/Berik UALI

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорына бюджет қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударуы қажет еместігін айтты.

Ірі бизнес өкілдерімен кездесіп жатқан Президент "Қазақстан халқына" қорына бір күндік жалақы аударуға қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Менің үндеуімді қабылдап, "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударғандарыңызға алғысымды білдіремін. Бұл игі және дер кезінде жасалған іс-шаралар жоғары бағаға лайық. Бұл жерде формализм деген атымен болмауы тиіс,

— деді мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттік қызметшілердің, бюджеттегілердің бір күндік жалақысын аудара бастағанын, бірақ бұның мүлдем қажеті жоқ бастама екенін айтты.

"Бұл — Қазақстан халқының қоры. Сондықтан оның жұмысын ұзақ бюрократиялық процедураларсыз ұйымдастыру керек. Бұл жұмыс өте ашық болуы тиіс. Барлық ірі компаниялар салық салынатын табыстың Үкімет белгілеген пайызын қайырымдылықпен айналысатын қорға аударады деп үмітенемін", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін 16 мыңнан астам қазақстандықтың "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қаражат аударғаны белгілі болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров