Қайрат Құдайберген

"Құмар ойын құрбандары көбейді". Бизнесмен оларға қарсы қол жинап жатыр (видео)

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Видеодан кадр

Алматы қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген елдегі онлайн казинолар мен букмекерлердің жұмысын тоқтату керек деп санайды. Себебі қазір Қазақстанда құмар ойын құрбанына айналған тұрғындардың саны өте көп көрінеді. Ол бұл мәселеге қатысты петиция құрып, қол жинауды бастап та кетіпті.

Қайрат Құдайберген әлеуметтік желі арқылы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, осы проблеманы шешіп беруге өтініш жасады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазір онлайн казинолар, букмекерлер, бинго, алаяқтардың өтірік ойнау платформалары, құмарлыққа шақыратын заңсыз, лицензиясы жоқ осындай ойындарды көріп отырмыз

— дейді депутат.

Құдайберген "Заңсыз бизнестен түсіп отырған қыруар қаржы әлдебіреулердің қалтасын қампайтып жатыр. Қарапайым халық алданып, тапқанын алаяқтарға өз қолдарымен апарып беруде. Миллиардтаған ақша басқа елдердің оффшорлық аймақтарына кетіп жатыр. Ал құзырлы органдар мұндай әрекеттерді көрмейтін, естімейтін ұйымдарға айналған" — дейді.

Кәсіпкер көпшілікті бұл іске бей-жай қарамай, атсалысуға шақырды. Қазірдің өзінде ол құрған петиция 21 мыңнан астам қол жинап үлгеріпті.

Бейнеүндеу соңында Құдайберген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы мәселені назарға алып, шешіп беруге өтініш жасады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров